«Amanat» партиясы арнайы штабының өкілі Семейде студенттермен кездесті

Конституцияға енгізілетін толықтырулар бұрынғы толықтырулардан өзгерек. Енді қарапайым азаматтардың ел ісіне араласуына мүмкіндік беріледі.

«Суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін президенттік басқару үлгісі қолданылатын болады. Парламенттің ролі күшейіп, депутаттар мен әкімдерді халықтың таңдауына жол ашылады. Семейдегі Әлихан Бөкейхан атындағы университетте өткен кездесуде еліміздің бас низамына енгізілетін өзгерістер туралы айтылды. «Amanat» партиясы арнайы республикалық штабының мүшесі Берік Уәли қаладағы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерімен жүздесті.

Берік Уәли, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Жалпы қазіргі таңда референдумға қатысты пікірлердің барлығы соңғы жылдары елдің айтып жүрген мәселелері. Биліктің өзі, яғни президенттің өзі көтерген мәселелердің барлығы халық талқысына ұсынылып отыр.