Шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылды

Шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылды

Шетелдіктерге қазақстандық жеке сәйкестендіру номерін беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егов «электрондық үкімет» сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ЖСН беру» қызметі қазір қолжетімсіз. Жүйе тек 1 қазанда жанданады. Шектеудің нақты не себебі әзірге белгісіз.