Бүгінгі велошеруге 500-ге тарта қала тұрғыны қатысты – елорда

Бүгінгі велошеруге 500-ге тарта қала тұрғыны қатысты – елорда

Елордада веломаусым басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында Төтенше жағдайлар министрлігінің подполковнигі Азамат Қарасатов та бар. Шабандоз 35 жыл бойы велосипедті серік еткен, тіпті Қазақстан құрамасына мүшелікке қабылданған. Шеберлігін дәлелдеп, бүгін де мәре сызығын бірінші кесті. Қатысушылар 20 және 3 шақырымды еңсерді. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

Бақтияр Масанов, бұқаралық спортты дамыту дирекциясының басшысы:

Веломәдениетін дамытуға атсалысып жатырмыз. Яғни маусымның басын ашу, болмаса басқа да күндерді қойып, сол күндерді велошеруге арнайық деп жатырмыз. Бұл жарыс емес, бұл веложүгіру, яғни, бұқаралық спортты дамыту болып табылады.