Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы алдағы референдумға 100% дайын

Саяси науқанға 52 учаске құрылды. Ерекше күтімдегі адамдарға арналған жылжымалы жәшіктер мен кабиналар дайындалған. Ауыл тұрғындарының пікірінше, конституциялық реформа халықтың сұраныстары мен ұсыныстарына сәйкес келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Көкпекті ауданы бойынша 18 мыңға жуық адамның дауыс беру құқығы бар.

Сләмбек Мұқашев, Көкпекті ауылының тұрғыны:

Мынау әлгі суперпрезиденттік басқаруды өзгерту, одан кейін мынау мәжілістің рөлі мен мәртебесін өзгертуі, содан кейін мына биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу, облыс әкімдерін тағайындау тәсілі және де мынау мәслихат депутаттарын, мәжіліс депутаттарын сайлауда өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол өте дұрыс. Өте қажет деп отырмын.

Ерасыл Оразханов, Көкпекті аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы:

Аудан бойынша 53 референдум комиссиясында 7 мүшеден барлығы 371 референдум мүшелері бар комиссияның. Олар қазіргі уақытта учаскелерінде азаматтарды тізімдермен таныстыру жұқмыстарын және де барлығы 7 мың 800 аулаға шақыру билеттері таратылды.