Қызылорда облысында Қармақшы аудандық ауруханасы ескі

Аудандық аурухана 2020 жылы бірқатар жаңа медициналық құрылғымен жабдықталған. Тіпті күрделі оталар – жасау үшін эндоскопиялық аппарат сатып алғынған. Құрылғылар жаңа болғанмен, ғимарат жылымайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалимаш Әбдікерова 82 жаста. Соңғы жылдары қан қысымы тұрақтамай, денсаулығы әлсін-әлсін сыр береді екен. Дәрігерлерге жиі қаралып, ем алып жүргесін, аудандық ауруханың проблемалары  мені де бейжай қалдырмайды,-дейді кейуана.    

Қалимаш Әбдікерова, Қармақшы ауданының тұрғыны:

Қыста үйімізден көрпе-төсек алдырып жатамыз. Қабаттап жамылып, мұндада көрпе-төсектер бар, бірақ өзіміз үшін, әсіресе үлкен кісілер тоңғақ болады ғой.

Әсіресе, операция залының температурасын тиісті талапқа сай жылыту қиын ,-дейді дәрігерлер.

Жандос Мейірманов, дәрігер-реаниматолог:

Отаның да өзінің түр-түрлері бар. Белден берілген кезде науқас толық есінде жатады. Толық есінде жатқан кезде тоңғандарын айтатындар да бар. Ондай кездерде амал жоқ пеш кіргізуге тура келеді.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

Аурухана бюджетінің үнемделген қаражаты есебінен өткен жылы мына терапия бөлімінің сыртқы қабырғасы арнайы жылу ұстағыш материалдармен қапталған. Соның нәтижесінде палаталар жылы болыпты. Дегенмен бұл аурухананың жалпы аумағы 9 мың 700 шаршы метрден асады екен. Ал оның барлығын дәл осылай қаптап шығу үшін 200 млн теңгеден астам қаражат қажет,- дейді мамандар. 

Бақытжан Нысанбаев, Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Біз биылғы жылға құны 205 млн-ға сметалық құжаттарды дайындап, соны өткізген болатынбыз. Ол экспертизадан өтті. Ол кеше облыста отырған құрылысшылардың мақұлдау комиссиясында қолдауын тапты. Сыртқы келбеті металопластикпен қоршалады. Ішінде жылу қабаттары пайдалануға беріледі. Соның есебінен бұл мәселе шешіледі деп ойлаймыз.

Қармақшының орталығы газға қосылғанына біраз уақыт болса да, аурухана ғимарата әлі күнге дейін көмірмен жылытылады. Бұл мәселе биыл шешімін табады,-дейді бас дәрігер Ол үшін 65 млн теңге қаржы бөлінген. Жылу маусымы басталғанға дейін аурухананың жылу қазандығы көмірден көгілдір отынға ауыстырылмақ.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов