Елордалықтар дауыс беруге бара ма – сауалнама

Елордалықтар дауыс беруге бара ма – сауалнама

Елордалықтардың көбі референдумға қатысу үшін жалпыхалықтық дауыс беруге баратынын айтып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас шаһарда бірнеше мәрте жүргізілген әлеуметтік сауалнама осыны көрсетті. Реформалар бойынша әр азаматтың үн қосуы елдің кемел келешегіне бастар жол дейді респонденттер. Сауалнамаға қатысушылар халықты мемлекеттің саяси өміріне белсенді араласуға, және осынау ауқымды науқаннан тыс қалмауға шақырды.