Атырауда Мәжіліс депутаттары ұстаздармен кездесті

Жиын барысында референдумның мән-маңызы түсіндіріліп, оған қатысудың маңызды екені айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңеске штаб мүшелері мен білім саласының ардагерлері, сондай-ақ оқу ордаларының басшылары қатысты. Қазір облыста референдумды өткізу бойынша дайындық қызу жүріп жатыр. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, волонтерлер шақырту билеттерін таратып жүр. Айта кетейік, 400 мыңға жуық тұрғын референдумға қатыса алады.

Нұрлыбек Ожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңғырту тетіктері, өкілеттіктердің бөліністері, мұның барлығы шынында қазақ елінің азаматтарының санасына, көзқарастарына түбегейлі өзгерістер әкеледі деп мен сенемін. Көп мүмкіндіктер ашылып отыр. Түбегейлі мемлекеттік басқару жүйесі жаңғыртылғалы отыр.