Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды

Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Оспановқа қатысты шешім шығып, оған 5 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры – Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10 млн-нан 20 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттелді. Аталған тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметін тексерген маманға оң шешім үшін 6,5 миллион теңге пара берген. Олар сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Жұлдыз Жәкеева, Қызылорда қаласы №2 сотының үйлестіруші судьясы:

– Параны мемлекеттік қызмет атқаратын, функционалды атқаратын қызметшіге беру үшін оқталған. Яғни қылмыс аяғына дейін жетпеген. Сот үкімімен оқталғаны үшін 56-бапты қолдана отырып, ауырлататын мән-жай жоқ, жеңілдететін мән-жай бар екенін ескере отырып, 55-баптың 2,3-бөліктерін қолдана отырып, айыппұл жазасын тағайындауға толық негіздер бар деп шешім еткен.