Оралда балалар фестивалі өтті

Оралда балалар фестивалі өтті

Оралда балаларға арнап, ашық аспан астында фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Думанға мың жарымнан астам бала қатысты. Олар өткен оқу маусымында ұйымдастырылған интелектуалдық және шығармашылық жарысты қорытындылады. Қалада 50 мектеп, 50 мектепке дейінгі ұйым және 6 мектептен тыс ұйым бар. Әрқайсысынан келген өнертапқыштар жаңа инновациялық жобаларын, ал жас шеберлер түрлі материалдардан дайындаған туындыларын көрмеге қойған. Оқушылардың көбі өз бастамаларында тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаланған. Сонымен қатар жасыл энергияны қолдануға тырысқан.  Фестиваль аясында концерт те шымылдығын түріп, балалар өз өнерлерін көрсетті.

Бибінұр Ғиззатова, мектеп оқушысы:

Мереке өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Барлығымызға ұнап жатыр. Бұрын болғанын мен білмеймін, өзім көрген жоқпын. Бірақ та менің ойымша, осылай әр жылы болып тұрған дұрыс деп есептеймін.

Ақжарқын Темірханова, қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

– Негізгі тұжырымдамамыз – балаларды мына компьютерден, телефоннан айырып, таза ауада ұлттық ойындар, сурет салу, өлең айту, би билеу, яғни, салауатты өмір салтын насихаттау. «Оқуға құштар мектеп» жобасы таза ауада өткізілуі, экологиялық бағыттағы жұмыстарымызды көрсетіп жатырмыз. Сонымен қатар өзіміздің патриоттық алаңдарымыздағы «Жас сарбаз», «Жас құтқарушылар» облыстық, республикалық жарыс жеңімпаздары да бүгін өздерінің жетістіктерін көрсетіп насихаттауда.