Талдықорғандықтар жас қылқалам шеберлерінің туындысын тамашалады

Талдықорғандықтар жас қылқалам шеберлерінің туындысын тамашалады

Өңірде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар саябағындағы мерекеде көпшілік назарына жас өнерпаздардың концерті ұсынылды. Сахнада әсем ән айтылып, би биленді, өнерлі өрендер шағын спектакль қойды. Сондай-ақ қолөнер бұйымдарының көрмесі және жасөспірімдерге арналған көркемсурет байқауы ұйымдастырылды. Жұрт жас қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалады. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің арнайы техникалары да жеткіншектердің зор қызығушылығын тудырды. Үстел тенисінен және бүлдіршіндердің велосипедпен жарысы, «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайысы да келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

Асылан Әзімханов, қала тұрғыны:

Балалар күніне ұйымдастырылған шара өте керемет. Балаларды сыртқа алып шығуға мүмкіндік жоқ. Бірақ бүгінгі шара өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл біз үшін өте жақсы демалыс болды.