Атырауда 185 тұрғын алимент төлемей жүр

Атырауда алимент төлеуден жалтарып жүрген азамат 1 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қарызы 2 жарым млн теңгеден асқан. Қазір бала алдындағы борышты өндіру жұмыстары бойынша рейдтік іс-шаралар жүріп жатыр. Нәтижесінде 27 млн теңгеден астам қаражат өндірілген. Жалпы өңірде 185 ата-ана алимент төлеуден қашып жүр. Қазір олардың берешек сомасы 290 млн теңгеден асқан.

Бауыржан Жұмақанов, облыс прокурорының орынбасары:

- 102 азаматтың шетелге шығу құқығы шектелді. 42 азаматтың көлікті жүргізу құқығы тоқтатылды. Одан бөлек 69 адам Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылып және одан бөлек 5 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.