Референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін жүреді

Референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін жүреді
ҚазАқпарат

5 маусым, яғни референдум өтетін күні елордалықтар қоғамдық көлікте тегін жүре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Тегін жол жүру қала маңына қатынайтын маршруттарға да қолданылады. Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілген. Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты. Осылайша кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру басталған бері 34 миллионға жуық сапар жасалды.