Референдум: ЕҰУ студенттеріне Ата заң баптары түсіндірілді

Еуразия ұлттық университетінде конституциялық реформаның маңыздылығы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқытушылар, студенттер, депутаттар және қоғам белсенділері ұсынылған өзгерістер туралы пікір алмасты. Кездесудің мақсаты – жастарға Ата заңның қандай баптарына өзгертулер енгізілетінін түсіндіру.