Елордада жыл патриоттары марапатталды

Елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған республикалық патриоттар форумы өтті. «Ғылым және білім», «Мәдениет және спорт», «Медицина және волонтерлік», «Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы», «Технология және бизнес», «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» номинациялары бойынша еңбегі еленген мамандар марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шараға 2 мыңға жуық азамат қатысты. Бейжідегі қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлде еншілеген Александр Герлиц «Жыл патриоты» атанды.

Нұрқиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Бұл шара алдағы уақытта да өткізілетін болады. Алдағы уақыттарда да балалар арасында патроиотттық сезімге баулитын шараларды өткізуді қолға алып отырмыз. жалпы 12 сала бойынша таңдалып отыр, ол кісілерді біз өз еліне еңбегін, білімін арнап жатқан мамандардан патриот деп санаймыз. Патриот деген дүниені білім, ғылым арқылы насихаттау –   басты мақсат.