QR код арқылы да қай учаскеге тіркелгеніңізді білуге болады. LIVE

Осыдан бірер минут бұрын ел өңірлерінде республикалық референдум учаскелері ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешкі сағат 8-ге дейін отандастарымыз осында келіп, таңдау жасай алады. Дауыс беру учаскелерінің дайындығы жайлы арна тілшісі Талғатбек Әбдіқожа тікелей эфирде айтып берді.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

– Біз дауыс беру учаскесіндеміз. Жиналған адамдар саны әлі көп емес. Ол түсінікті де. Учаскелердің ашылғанына 10-15- ақ минут қана болды. Қазақстандықтарға алдын ала sms хабарландыру жіберілгені белгілі. Онда қай учаскеге келіп, дауыс беру керектігі жазылған. Алайда кімде-кім қайда келетінін білмейтін босла, gov.kz, referendum.gov.kz6 referendum2022.gov.kz порталдарына кіріп, қажетті ақпаратты алуына болады. Ал елордада бірқатар көше бойында QR код белгіленген баннерлер орнатылды. Сол QR код арқылы да қай учаскеге тіркелгеніңізді білуге болады. Біз болсақ, дәл осы ғимаратқа ертерек келіп, жергілікті қызметкерлердің қызу дайындығына куә болып отырмыз. Мамандар бұл науқанның ешбір кедергісіз және жоғары деңгейде өтуіне барын салып жатыр. Халықтың өз таңдауын жасауына барлық жағдай бар. Дәлірек айтатын болсақ, келушілер учаскеге кірген бетте ең алдымен мына үстелде жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша тіркеледі. Бюллетень алғаннан кейін осы кабинаға кіріп дауыс береді. Кейін дауыс берушілер ол қағазды бөлменің ортасында орналасқан жәшікке тастау керек. Кешкі сағат 8-ден кейін мамандар оны ашып, дауыс санауға кіріседі. Ал дәл қазір менің жанымда осы учаскеде жұмыс істеп жүрген маман келіп тұр.

Малика Зейнабілова, учаскелік референдум комиссиясы төрағасының орынбасары:

Айта кетерлігі, мұндай референдум елде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқысы 1995 жылы 30 тамызда өткізілген болатын. Сол науқанның нәтижелеріне тоқталатын болсақ, 27 жыл бұрын сайлаушылардың 90 проценті қолдау көрсетіп, Қазақстанның Конституциясы ресми түрде қабылданды. Биыл да бюллетеньде бір-ақ сұрақ бар. Ол Ата заңға өзгерістер енгізу туралы. Дауыс берушілер тек иә немесе жоқ деп жауап бере алады. Әзірге айтарым осы.