Алматыда 574 дауыс беру учаскесі ашылды. LIVE

Алматыда миллионнан астам адам референдум тізіміне енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада дауыс беретін 574 пункт бар. Соның 67-сі медицина мекемелерінде, әскери бөлімдер мен санаторилерде ұйымдастырылған. Алматыдағы меншікті тілші Алмас Садуақас қаладағы 301-ші дауыс беру учаскесінен тікелей эфирге қосылды.

Алмас Садуақас, тілші:

– Бұл сайлу учаскесі бойынша референдум тізімінде 2 555 адам бар. Бұған дейін Орталық референдум комиссиясының өкілдері Алматыға келіп, әр учаскенің дайындығын тексеріп, оқыту семинарларын өткізген. Республикалық референдумда қазақстандықтарға бір ғана сұрақ қойылады. «Қазақстан Республикасының Конституциясына енген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сауалға «иә» немесе «жоқ» деп дауыс бересіз. Бүгін таңсәріден жалпыхалықтық референдумға қатысып, дауыс беруге белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Нұрлан Оразалин ағамыз келіп отыр. Нұрлан Мырқасымұлы  «Конституциялық референдум» қоғам дамуының болашағы деген пікір бар. Сіз үшін рефендумның маңызы неде?

Нұрлан Оразалин, ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері: