Қарағанды облысы бойынша 777 референдум учаскесі бар. LIVE

Әзірге Қарағанды облысына қарасты Жезқазған, Ұлытау өңірінің тұрғындары үшін бүгінгі референдум ерекше маңызды. Себебі халықтың сан жыл сарылып күткен арманы орындалды. Небәрі 3 күннен кейін Президент жарлығы күшіне еніп, Ұлытау облысы құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

– Жезқазған қаласында 33 референдум учаскесі бар. Онда шамамен 59 мың адам өз таңдауын жасайды. Тек біз тұрған 209-шы учаскеде 2500-ге жуық адам тіркелген. Қазіргі уақытқа дейін олардың 30 проценттен астамы өз таңдауын жасап үлгерді. Ел үшін маңызды саяси науқанға келіп, өз таңдауын жасап жатқандардың пікірін сұрап білсек. Қалдыбай мырза, манадан бері келушілердің көп екенін байқадық. Халық нөпірі қай кезге қарай арта түседі?

Қалдыбай Қадырсызов, учаскелік референдум комиссиясының төрағасы

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

Жалпы ақпаратқа тоқталсам, облыс бойынша 880 мыңнан астам дауыс беруші өз таңдауын жасайды. Қарағанды облысы бойынша 777 референдум учаскесі жасақталған. Саяси науқанды партиялар мен қоғамдық бірлестік өкілдері бақылап отыр. Айта кету керек, дәл қазіргі сағатқа дейін заңға қайшы әрекеттер тіркелмеген.