100 жасқа келген қарағандылық қария референдумда алғаш боп таңдауын жасады

100 жасқа келген қарағандылық қария референдумда алғаш боп таңдауын жасады

Қарағандыда саяси науқаннан қариялар да қалыс қалып жатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таңмен таласа тұрып, таңдауын жасауға келгендердің бірі – соғыс ардагері Бүркіт Есжанов. 100 жасқа аяқ басқан ақсақал Күмісжан әжеймен бірге референдум учаскесін алғаш болып аттады. Қос ғасырдың куәгерлері еліміздің болашағы жарқын болсын деп ақ батасын берді. Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста 777 референдум учаскесі жұмыс істейді, оның 179-ы Қарағанды қаласында орналасқан. Өңірде 900 мыңға жуық адам дауыс беруге қатыса алады.

Бүркіт Есжанов, соғыс ардагері:

Елімізге тыныштық берсін. Алла елдің шаңырағын шайқалтпасын. Іргесі берік болсын. Осыны алып жүру жастардың қолында. Әрбір істеген жұмыстарың нәтижелі болсын. Осының арқасында республикамыздың көк байрағы аспанда желбіреп, бүкіл елге үлгі көрсететіндей болса, міне, біздің үлкен мақсатымыздың орындалғаны осы.