Семейде мүмкіндігі шектеулі үш мың адам дауыс береді. LIVE

Семейдегі барлық дауыс беру орындары белсенді жұмыс атқаруда. Болашақ «Абай облысының орталығынан» меншікті тілші Эльмира Ахметова тікелей қосылымға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эльмира Ахметова, тілші:

– Семейде бүгін күн бұлтты әрі жауын-шашынды болып тұр. Жалпы соңғы аптада өлкедегі ауа райы құбылмалы.Дегенмен бұл дауыс берем деушілерге ешқандай кедергісін келтіріп жатқан жоқ .Соңғы сағаттағы есеп бойынша шаһарда тұрғындардың басым бөлігі дауыс беріп үлгеріпті. Қазір біз қаладағы №260 учаскеде тұрмыз.

Бұл жерде нағыз мерекелік көңіл күй.Ұлт аспаптар оркестрі келушілерге құлақ құрышын қандырар күмбірлеген күйден шашу шашты. Көріп тұрғандарыңыздай жастар да орта жастағылар да қарттарымыз да аса белсенді. Тіпті бұрынғы «Елімай» футбол клубының мүшелері де, Самат Смаков сынды танымал спортшылар да осы жерге кеп өз дауыстарын берді. Біз енді әңгімемізді нақтылау үшін осы учаскенің комиссия мүшесімен сұхбаттасқан едік. Тыңдап көрейік.

Айжан Жылқыбаева, референдум комиссиясының мүшесі:

– Протоколға сай өз жұмысымызды таңертең бастадық. Қазіргі уақытқа дейін халықтың белсенділігі жаман емес. Осы қазір сағат түс уақыты болып қалды. Учаскеде тұратын тұрғындардың бірталайы келіп дауыс беріп жатыр. Бүгін ауа-райы да салқын болып, жаңбырлы болғанына қарамастан, жалпы келушілердің белсенділігі өте жақсы деп айтуға болады.  

Жалпы қалада дәл бүгін 149 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр, оның 19-ы жабық түрдегі дауыс беру орындары саналады. Мұнда мүкіндігі шектеулі азаматтардың да құқықтарын қорғауға барлық шара жасалған.

Қалада осындай қызметке мұқтаж 3 мың азамат тіркелген екен. Мәселен бүгін 97 жастағы соғыс ардагері Матвей Юрченконың үйіне мамандар дауыс беру жәшігін өздері апарды. Екінші Украина фронтында 229-шы атқыштар полкінде жауынгерлік қызмет еткен ардагер осылайша ел қатарлы өзінің дауысын беріп, шешімін жасады. Міне, референдум барысы осылай жалғасып жатыр.