Сарбаздар референдумда дауыс берді

Референдумнан Қарулы күштеріміз де тыс қалмады.

Маңызды науқанға ел бойынша 130 мыңнан аса әскери қызметші, азаматтық персонал мен олардың отбасы қатысып, таңдау жасады. Бүгін жауынгерлер мен курсанттар конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты азаматтық позициясын білдірді. Бұл үшін әскери бөлімдер мен госпитальдарда дауыс беру учаскелері арнайы жабдықталған.