Әрбір азамат дауыс беру құқығын пайдалануы тиіс

Әрбір азамат дауыс беру құқығын пайдалануы тиіс

Елдің әр азаматы дауыс беру құқығын пайдалануы тиіс. Сол арқылы мемлекеттің даму бағытын айқындауға ықпал ете алады.

Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова осындай пікірде. Таңсәріден ардагер ұстаз тіркелген учаскеге келіп, дауыс берді. Алматыда референдум тізіміне 1 миллион 126 мыңнан астам азамат тіркелген. 27 мыңға жуығы саяси науқанға алғаш рет қатысатын, яғни кәмелет жасына енді толған қыз-жігіттер екен. Қалада жалпы саны 574 референдум учаскесі бар. Олардың барлығы пандустармен жабдықталған.

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек Ері:

Бүгінгі күн еліміздегі ең атаулы, ең жауапты күннің бірі деп санаймын. Себебі мына халқымыз айтады ғой: «Иесіз жер болмайды. Киесіз ел болмайды» деп. Сол жердің иесі біздің халқымыз, ал енді киесі Ата заңымыз деп ойлаймын.