Қорғаныс министрі сарбаз өлімінің жиілеуіне қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрі әскердегі сарбаздар өлімінің жиілеуіне қатысты пікір білдірді.

Ведомство басшысы Руслан Жақсылықов:

«Жауынгерлер өліміне армия ғана кінәлі емес. Жас сарбаздар азаматтық қоғамнан пісіп жетіліп келеді. Әскер қатарына алынған әр адамның өз жауапкершілігі болуы қажет», - деді.

Дегенмен, қазір еліміздегі жауынгерлік даярлық бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Министрдің айтуынша, сарбаздардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынды.