Қаңтар оқиғасына қатысты 360 адам сотталды

Қаңтар оқиғалары бойынша қылмыстық істердің 80 проценті аяқталды.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжан мәлімдеді.

Айтуынша, қылмыстық іске қатысы бар 360 адам сотталды. Қалған істер бойынша тергеу жүріп жатыр. Министр күдіктілердің қатарында полиция департаменттері бастықтарының да болғанын атап өтті. Сондай-ақ бүлік кезінде ұрланған қарудың бір бөлігі әлі де табылмағанын айтты.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қауіп әлі сейілген жоқ. Ұрланған қарудың бір бөлігі әлі де табылмады. Бүгінге дейін 1500-ге жуық қару тәркіленді. Кеше ғана екі қару табылды. Жедел жұмыстар тоқтаусыз жүріп жатыр. Тұрғындардан да мыңнан астам тіркелмеген қару сатып алынды.