Елімізде ауаны ластау азая бастайды

Елімізде ауаны ластау азая бастайды

Қазақстандағы энергетика мен мұнай-газ саласындағы ұлттық және шетелдік компаниялар экологияға бет бұрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өндіріс орындарындағы ауаға бөлінетін көмертегі көлемін барынша азайтып, ал 2060 жылға қарай көміртегіден ада болуға ниетті. Ол үшін компаниялар көміртегіні кәдеге жаратып, метан бөлінісін басқару, энергия тиімділігін арттыру және көміртегі бағасын іштей белгілеу тетіктерін зерттейді. БҰҰ Климаттық амбициялар саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегіге бейтарап мемлекет болатыны туралы айтқан. Осы орайда отандық мұнай-газ компаниялары осы бір зиянды газ бөлінісін алдағы он жылда 15 процентке төмендетуді жоспарлап отыр.