Сауынды сиыр азайып барады – Қостанай облысы

Қарабалық ауданындағы «Жаңаауыл» елді мекенінің тұрғыны Алтынбек Есполовтың жеке шаруашылығында жиырмаға жуық жылқы, ірі қара, жүзден аса қойы бар. Биыл ол барлық сиырларын сойып, етке өткізбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алтынбек Есполов, Жаңаауыл ауылының тұрғыны:

- Ірі қара ұстауға пайдасы шамалы. Қазір сүттің бағасы 120-130 тенге қабылдайды. Ең бірінші мәселе ауылдарда сол сүттің бағасы. 214535 160-180 тенге дейін көтеру керек. Сонда тиімді болады.

Федоров ауданындағы  Чехов ауылының шет жағындағы мына алаңқайды сауын алаңы десе болады. Түс әлеті жергілікті тұрғындар шелек, ыдыстарын көтеріп, осы жерге келеді. Сүт қабылдаушылар да сол сәтте осы маңнан табылады. Дәл біз барған күні бәрі бірдей келісіп қойғандай 10 тенгеге көтеріп, литрін 130 тенгеден қабылдап жатыр екен. 

Евгений Дмитриенко, сүт өңдейтін кәсіпорын жүргізушісі:

- Сүт қабылдаушылар көп. Бір қызығы барлығында біркелкі баға. Алдында 110 болды, сосын бәрі бір сәтте 10 теңге қосты, енді бүгін 130 деп жариялады. Ал бұрын бәсеке болды ма білмеймін, жекелеген фирмалар 20-30 теңгеге дейін көтеріп жіберетін. 

Сауынды үш сиыры бар Людмила Плохотник  жаз бойына сүттен түсетін табыс мардымсыз дейді. Сондықтан етке өткізетін төлдерін ғана қалдырып, сиырларды  сатамын деп отыр.

Людмила Плохотник, Чехов ауылының тұрғыны:

- Бұл баға шығынды еш ақтамайды.  Сиыр төрт-бес ай ғана сүт беріп, алты ай еш пайдасыз қорада тұрады. Қыс бойы жейтін азығы бар. Сүттің қазіргі құны жем-шөптің бағасын шығарып бере алмайды.

Жалпы Федоров ауданы бойынша ірі қара саны былтырға қарағанда мың басқа кеміген. Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы оның себебін өткен жылғы қуаңшылықпен байланыстрады. Ал қазіргі сүт қабылдау бағасы көңілге қонымды деп отыр. 

Әділбек  Оразбаев, Федоров аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Бір отбасы 3 мал ұстаса, үш сиыр,/скл/ бір сиырдың сүті сол үш сиырға шөбіне, обработкаларға бәріне кетеді. Екі сиырдың сүті уже өзіне пайда болады. Сондықтан біз ойлаймыз, 120 әрине аздау, енді бірінші маусымнан бастап, 130 болса, ол шамалы күзге дейін   жақсы бағасы болады деп ойлаймын.

Биыл шөп шығымы жақсы. Алайда мамандар жанар-жағар май, техника құнын ескеріп, шөп бағасы былтырғыдан қымбат болуы мүмкін деген болжам айтады.  Ал оның батпан салмағы тағы ауылдағы ағайынға  түседі.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг