Қордайдағы көлік кептелісіне не себеп?

11 сәуір күні карантиндік шектеулер алынған кезде Қордайдағы Ақжол кеден бекетінен тәулігіне 1300-дей көлік өтіп тұрған. Бірте-бірте бұл көрсеткіш арта түседі, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, соңғы тәулікте 5 мың автомобиль қатынаған. Шекарадағы бірнеше сағатқа созылатын кептелістің пайда болуына жанармай саудасы тікелей себепкер. Өйткені елімізде АИ-92 бензині 180 теңге болса, көрші елде 320 теңгеден жоғары. Әлгінде айтқан 5 мың көліктің 60 проценті көрші қырғыз еліне күніне 3 рет барып қайтады екен. 

Дамира Сүгірбай, Қордай ауданы әкімінің орынбасары:

- Машинаның багында өзі тиісті 80-90 литр соны құйып, қосымша алып өтуге рұқсат мысалы шекарадан өту ережесіне сәйкес әрбір көлікте 20 литр бактағы бензиннен бөлек 20 литр алып өте алады. Сондай көлемде күніне бірнеше рет өте алады. Өйткені, жаңа айтқандай шектеу алып тасталды.

Кедендегі кептелісте кезегін күтіп тұрған жүргізушілермен сұхбаттасып көрдік. Біразы тілдесуден бас тартты. Жауап бергендердің көбі жеке жұмысымен кетіп бара жатқанын айтты.

- Пробка бір сағат, екі сағат болады шамамен. -Бір өтетін кезде иә? –Бір өтетін кезде. Кейде пробка жоқ болып қалады. Елдер жұмыстарымен негізі мен бір жұмада бір кірем.

- Жиі жүресіз ба бұл жолмен?

- Жүреміз анда-санда. Аптасына 2-3 жолы. Жалпы Қордай ауданынан Қырғызстанға өтетін төрт кеден бекеті бар. Оның біреуі жүк көліктеріне қызмет көрсетеді. Қалған үшеуі жеңіл көліктер мен жаяу жолаушыларға арналған.

Аршын Кемелжан, тілші:

- Қордайдағы жанармай құю бекеттерінде темірден жасалған мынадай зат бар. Бұл көліктің бір жағын көтеріп қойып, бакқа бензинді барынша толтырып құюға арналған. Нақтырақ айтсақ, көрші елге жеңіл көлікпен бензин тасымалдайтындардың айласы десек болады.

Көліктің бір жағы биіктеу тұрса тағы 10 литр бензин артық құйылады. Жеңіл көлікпен көрші елге жанармай тасушыларға заңды шектеу болмағандықтан әзірге жауапкершілікке тартылмайды.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев