Шымкентте ірі кәсіпорын банкрот болуы мүмкін

Шымкентте ірі кәсіпорын банкрот болуы мүмкін

Шымкенттегі ұн тартатын ірі кәсіпорын банкротқа ұшырайды деген қауіп бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені зауыттың банк алдындағы қарызы 9 миллиард теңгеден асқан. Енді несие ұйымы сотқа жүгініп, кәсіпорынды банкрот деп тану үшін арыз берді. Алайда жүздеген адам жұмыс істейтін кәсіпорын басшылығы бұл шешіммен келіскен жоқ. Пандемия салдарынан тірлігі тұралап, ұнның көтерме бағасы төмендеген. Сондықтан шығынға батқан. Енді ғана есін жиған мекеме дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеуге дайын. Бірақ несие ұйымы бұл шешімге күмәнмен қарайды.

Серік Кәрім, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасының м. а.:

– Қазіргі уақытта ЖШС-нің арызы қаралап, оңалту мүмкіндігі берілді. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін банк өкілдері борышкердің төлем қабілетін қайта қарап, қарызды өтеу мерзімін уақытша кейінге қалдыру мүмкіндігін талқылайды.