Алматыдағы «Рахат» кондитерлік фабрикасында қант тапшылығы жоқ

Алматыдағы «Рахат» кондитерлік фабрикасында қант тапшылығы жоқ

Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін ірі компания қиындыққа тап болды деген ақпарат тараған еді. Қалада қант бағасын тұрақтандыру үшін Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан ірі сауда дүкендерінің біріне 2 миллиард теңге бөлінген. Алматыға құмшекер Көксу, Жамбыл, Меркі зауыттарынан жеткізіледі. Қыркүйекте Ақсу қант зауыты іске қосылады деген болжам бар. Әкімдік өкілінің айтуынша, Алматыға күнделікті 10-15 вагон қант жеткізіледі. 

Ерлан Омаров, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:

– Ол 700-900 тонна күнделікті. Оның барлығы Алматының тұрғындарына базар арқылы, сауда нүктелері арқылы, осындай Магнум сияқты жерлер арқылы сатылады және де қалған үлкен объемдар біздің осы «Рахат» сияқты өндірушілерге де жеткізіледі. Қант керекті көлемде бар және де тасымалданып жатыр. Ешқандай сұрақ жабу туралы, тоқтау туралы «Рахат» бойынша тұрған жоқ.