Қаладағы сасық иіс қашан жойылады – Ақтөбе

Қаладағы сасық иіс қашан жойылады – Ақтөбе

Ақтөбенің экологиялық ахуалы мәз емес. Жергілікті жұрт қаладағы қолқаны қапқан жағымсыз иістен құтыла алмай келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ басшысы ауаға тараған жағымсыз иіске 20-ға жуық кәсіпорын кінәлі деп отыр. Әсіресе, кәріз желілеріне жауапты «Aqtobe su-energy» мекемесі мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан зиян көп. Мәселені түбегейлі шешу үшін, банктерден несие алып, кәріз желілерін жаңартамыз дейді.

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі:

– Былтырдан бастап химиялық реагент, бактерия алып, кәріз жүйесіне құйып қолаңса иісті азайтуға тырыстық. Әрине толық жойылды деп айта алмаймын. Былтыр және биылғы жағдай тәуірлеу.

Өңірдегі шаруалардың тағы бір мәселесі – егістікке түскен көбелек құрты. Облыс әкімі зиянкестерді улау жұмыстарына 4 бірдей мердігер мекеме жұмылдырылғанын айтты. Тек зиянкес жәндікке шашқан удан құстардың жойылып кету қауіпі бар екенін айтады.

Авторы: Айнұр Қуатқызы