Ақтөбеде бұралқы иттерді атуға 41 миллион теңге бөлінген

Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбенің иттері мал-құсты қойып, адамнан да тайсалмайтын болған. Күні кеше Ақтөбеде 12 жастағы баланы ит талап, мерт қылғаны жұртты дүрліктірді. Өңір басшысы иесіз иттерді бағу, емдеумен қатар құтырғанын атуға қыруар қаржы бөлінгенін айтты. Төртаяқтыны күтетін 2 орын бар. «Келер жылдан бастап иттерге чип тағылып, есепке алынады», – деді облыс әкімі. Былтыр Ақтөбеде 17500-ден астам иттің көзі жойылыпты.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

– Менің берген тапсырмам бойынша иттерді аулауды күшейтіп, жеткізетін орындар бар. Тиісті мекемелерге тапсырма берілді. Заңға байланысты әр итке иелері чип тағу керек. Ит иесі соған жауап беру керек. Есепсіз жүрген иттер ауланады.