Күршімде жұртты маса талап, мазаны қашырды

Күршімде жұртты маса талап, мазаны қашырды

Қалжыр өзенінің бойындағы елді мекен халқының шыбын-шіркейге қарсы қылар айласы қалмады.

Жергілікті тұрғындар маса түзде жүргізбек тұрмақ, үйде де отырғызбайды деп күйінеді. Өзен жағасында жүру тіпті мүмкін емес. Ал Күршім әкімдігі өкілдері жағдай бақылауда, дезинфекциялық жұмыстар мамыр айында басталды дейді. Бұған биыл аудандық бюджеттен 20 миллион теңге бөлініпті. 

Мақсат Әкрамов, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: 

- Конкурстар барлығы өткізіліп, соның аясында Зайсан аудандық дезинфекциялық станциясы ЖШС-мен келісім жасалды. Келісім-шарт сомасы 10 миллион теңгеге жасалды. Сертификат барлық талаптарға сәйкес келеді. Улау, емдік сұйықтықтары барлық талаптарға сәйкес келеді. Комиссиялы түрде аталған жұмыстар басталды.