Өскеменде медицина қызметкерлері күні мерекесі тойланды

Дәрігер,фельдшер, жедел-жәрдем қызметкерлері мен санитарлар.Маусым айының үшінші жексенбісі денсаулық саласында жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген осы жандардың  кәсіби мерекесі. Бұл тізімдегі әрбір мамаманның өз орны бар. Бірі жоқ болса, нәтижелі жұмыс істеу  мүмкін емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан  мейрам иелері қашан да ерекше құрмет пен қошеметке лайық.

Мерекелі басқосуда үздік мамандар марапатталды. Солардың арасында  анестезиолог- реанимотолог Ботагөз Тоқтарбекқызы «Жастық. Новатрство және талант» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ол бүгінгі жетістігін үлкен жауапкершілік жүктейді деп санайды.

Ботагөз Тоқтарбекқызы,  Онкология және хирургия орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері:

- Өте қуаныштымын бұл біз үшін үлкен мотивация,сол деңгейді ұстап тұру және одан да жоғары көрсеткішке  жетуге жақсы бір талпыныс болды.

Пандемия дендеген жылдар әсіресе денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды дейді жиналғандар. Дегенмен облыстық  медицина саласындағы  зор әлеуеті арқасында талай қиындық еңсерілді.Айта кеткен жөн соңғы бес жылда өлкеде 36 миллиард теңгеге 3 мың бірлік заманау жабдық алынған.Осылайша жоғары технологияны игеру еселей түскен.

Сергей Попов, Өскемен қалалық №4 аурухананың бас дәрігері:

- Екі жылда алғаш кездесіп отырмыз.Ауыр дертпен күрсетік.Науқстардан да әріптестерден де айырылдық.Көп нәрсе үйрендік.Тәжірибе жинадық.Бүгінгі мейраммен барлық әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын.

Жоғарғы технология демекші облыс әкімінің ерекше назарында болған бұл салада соңғы бес жылда 5 жарым мың  маман кәсіби біліктілігін арттырып үлгерген.Соның ішінде 400-ге жуық дәрігер  шет елде тәжірибе алмасып келді.Биыл осындай мақсатпен тағы 100-ден астам маман халықаралық медициналық орталықтарға аттанады.

Авторлары: Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов