Өскеменде жас ақындарға стипендия табысталды

Өскеменде жас ақындарға стипендия табысталды

"Төр Алтай жырлайды". Өскеменде осындай атаумен поэзия фестивалі өтіп жатыр.

Бірнеше күнге созылған мәдени шара аясында Алматы мен елордадан келген белгілі жазушылар мен ақындар оқырмандарға жаңа туындыларын таныстырды. Жас буынға шеберлік сыныптарын өткізді. Дәстүрге айналған фестиваль бүгін облыс орталығында қорытындыланып, өңірдегі бірнеше жас ақынға облыс әкімінің бір реттік стипендиясы тапсырылды. 

Әлібек Қаңтарбаев, ҚР Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры:

- Бұл шараның басты мақсаты бір жағынан өңірдегі ақындардың шабытын жану болса, екінші жағынан, оларға материалдық көмек жасау. 

Есенбол Нақтыбай, ақын:

- Ақындарды стипендиант атандырып, қолдау көрсетіп жатыр. Бұл өнерге, өлең деген өнерге көрсетілген құрмет деп ойлаймын. Кез келген ақынға шабыт беретін, қанат беретін жақсы шара болды десек артық болмайды.