Қазақстандағы көліктер қай жылы шығарылған?
2022 жылғы сәуірде 83,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз.
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 357,6 мың бірлік.
Оның ішінде:
87,8% – жеңіл автомобильдер
10,4% – жүк көліктері
1,8% – автобустар
Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер саны басым – 50,3%, жүк көліктері арасында олардың үлесі – 60,8%, автобустар бойынша – 42,2%.