Еліміздің үздік медицина қызметкерлеріне министрліктің төсбелгісі табысталды

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды. Елордадағы медицина университетінде өткен салтанатты жиында 12 маман Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісін тақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хирургиялық, терапиялық және педиатриялық бағыттар бойынша үздік дәрігерлер мен үздік кафедралар анықталды. Интернатура мен резидентурада тәжірибеден өткен алғыр түлектердің есімі белгілі болды. Басқа да байқаулардың нәтижесі бойынша ерекшеленген оқытушылық құрам мүшелеріне құрмет грамосы мен алғыс хаттар табысталды.

Сағира Әбдірахманова, педиатр:

– Жалғыз астананың өзінде 400 мың бала бар. Біз қазір балалар жасын 0-ден 18-ге дейін сондай балаларға қараймыз. Жаңадан туған балаға сау болсын, ауру болсын педиатрдың көмегі керек. Сондықтан педиатрдың мамандығы керек.