Жетісу облысындағы су шайған көпірді комиссия тексереді

Жетісу облысындағы су шайған көпірді комиссия тексереді

Жетісу облысындағы Шанханай ауылына кіре берісте жаңадан салынып жатқан екі өткелді су шайып кетуіне байланысты комиссия құрылып, тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бұған толассыз жауған жаңбыр мен Майтөбе өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп дейді. Ағын су «Сарыөзек – Көктал – Майтөбе» автожолының 16-18 шақырымы аралығын екі жерден бұзып өткен. Шанханайдағы Бейбітшілік көшесінің бойында орналасқан 4-5 үйдің ауласына да су кірген. Көліктер қазір қайта қалпына келтірілген айналма жол арқылы қатынай бастады. Бұл маңда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Айдос Досжанов, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

– Бастапқы құбырлардың диаметрі 0,7 метрлік болған. Қазіргі жобаға сәйкес 1 метрлік, үш деңгейлі трубалар салынған. Бұл енді жауын-шашынның кесірінен болғандықтан, тексеру жұмыстары жүргізіледі. Басқарма тарапынан, аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінен, әкімшілік полиция басқармасынан тексерістер жүргізіліп, комиссиялық шешімдер берілетін болады. Ненің кесірінен болғаны, барлығы анықталатын болады.

Бұған дейін өңірдегі су шайған өткел туралы жазылған болатын.