Алматы маңындағы ауданның 17 тұрғыны жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған

Алматы маңындағы ауданның 17 тұрғыны жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған
gov.kz

Алматыдағы Алатау шағын ауданында 18 мыңға жуық азамат тұрады, оған Алматы облысының бірқатар бау-бақша серіктестіктері қосылған. Бірақ медициналық көмек көрсететін станцияның ең жақыны 20 шақырым жерде орналасқан. Бұған кептелісті қосыңыз.

Соның салдарынан жергілікті тұрғындарға уақтылы медициналық қызмет көрсетілмей келеді. Талдау нәтижесі бойынша, 2021 жылы аталған ықшам ауданның 17 тұрғыны жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болған.

Осы мәселені шеші үшін Медеу ауданының прокуратурасы осы проблеманы шешу үшін уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

«Бұл актіні қарау нәтижелері бойынша Алатау ықшам ауданында жеке жедел жәрдем станциясы ашылды, сондай-ақ 17 адамның қайтыс болу себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды», – делінген қалалық прокуратураның мәліметінде