Маңғыстау облысында логопед жетіспейді

Маңғыстау облысында логопед тапшы. Тұрғындар тілінде мүкісі бар баласын өзге қалаларға апарып, емдетіп жүр.

Осы орайда Ақтауда Шымкент, Семей мен елордадан барған логопед-дефектологтар бас қосып, тәжірибе алмасты. Мысалы, тілі уақытында шықпаған балаға Еуропа мен Америкада жасалған әдістеме қолданылды.  Дәрігерлер баланы смартфон мен  теледидардан қашық ұстап, таза ауада көп жүруге кеңес берді.

Шолпан Рахметова, логопед-дефектолог:

- Біз баланы ойнатып отырғызып қоямыз. Теледидар қосылып тұрады, бала ойнап жатады. Міне осы кезде баланың дәл сөйлейтін аймағы тежеліп кетеді. Маңғыстау облысында сөйлеу тілі кешеуілдеу және зейіні тұрақсыз балалардың саны өте көп.

Жәния Қолғанатқызы, қала тұрғыны:

- Балам 5,5 жаста. Сөйлеуден кішкене қалып жатырмыз. Түсініксіз сөйлейміз. Көп деп ойлаймын мен сияқты ата-аналар логопедтерге жүгініп жүрген. Бұл кісілердің келгеніне өте қуаныштымын. Осындай семинарлар көп болып тұрса деймін.