Таразда жұмысшылар өздері салған шағын саябақты қайтадан бұза бастады

Шағын саябақ пен балалар ойнайтын алаңқай бір жыл бұрын салынған еді. Міне, енді арада бірнеше ай өтпестен, жалақы ала алмаған жұмысшылар жарық шамдарының бәрін қайтадан шешіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кезде билік өкілдері бізге «жөндеу жұмыстары жүреді» деп түсініктеме берген еді. Уәде етілген ақшаны ала алмаған жұмысшылар балалар алаңқайын да түгел бұзып әкетті. 

Темірхан Жеңісханұлы, жұмысшы:

- Біз айтып отырмын ғой екі объекті соқтық Меркі ауданы бойынша. Екі объектінің бір объектісінің ашқасын берді. Ол объектіні бітірдік, мына объектіні алған жоқпыз ғой. СКЛ. Ертең істеп беремін, арғы күні деді. Уже бір жыл болды, әкім ауысып кетті, облыс әкімі ауысып кетті. Білмейміз енді кімге неғыламыз? Облыс әкіміне де бардық, айттық.

Бекнұр Қонысәлиев, жұмысшы:

- Біз осы саябақты жасағанбыз «Меркі ауданының Тараз қаласына тартуы» деген жобасымен. Енді осы жұмыстардың бәрін жасадық. Арасында өзіміздің қаражатымызға да сатып алдық. Бізге ақшамызды қайтарып берсін. Жасаған еңбегімізді берсін. Бізде де бала-шаға, отбасы бар.

Шағын саябақ пен балалар алаңқайының құрылысына 15 адам жұмылдырылған. Бірақ тапсырыс берушімен арада келісім-шарт жасалмапты. Азаматтар бір-бірінің сөзіне сеніп қалған. Оның соңы осындай жағдайға ұласып отыр.

Валентина Даркулова, қала тұрғыны:

- Түстен кейін қарасам дым жоқ. Масқара, мынау не?! СКЛ. 5 түрлі фонарь тұрған, әдемі-ақ. Олардың біреуі жоқ. Ойладым неужели ұрлап кетті деп. Зачем фонарьларды алып кетті? СКЛ. Бәрін көзіммен көрдім. Бәрі жақсы, керемет жасалды. Балалар ойнады. Қызықтарын көріп жатыр. Оны мен білген жоқпын сіздерге төлемеді.

Шағын саябақ әзірге ешбір мекеменің балансында жоқ. Жергілікті билік оны «Жасыл ел – Тараз» компаниясының теңгеріміне беруді ұйғарған.

Азамат Әбішев, серіктестік директоры:

- Біздің бұл нысанға еш ьқатысымыз жоқ. Оны қалалық әкімдіктегілерге де айттық. Тапсырыс беруші мен мердігерлер бөлек. Біз жасыл желекті қырқып, суғаруға ғана жауаптымыз. Жұмысшыларым мұнда ұрлау дерегі тіркелгенін айтып отыр.  

Меркі аудандық әкімдігіндегілер бұл нысанның демеушілер қаржысына салынғанын және жұмысшылардың алдында ешқандай міндеттемелері жоқ екенін алға тартты. Жағдай бақылауға алынып, тез арада шешімін табуы тиіс. Олар жұмысшылардың жаңадан салынған балалар алаңқайын бұзуын жүгенсіздік деп бағалап отыр...  

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Анастасия Сулейманова, Тимур Сейілхан