«Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы зор жетістікке жетті

Талдықорғандағы №7 орта мектеп базасында орналасқан «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы «Айбын» республикалық жастар жиынынының бас жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбиеленушілері арасында Талдықорғаннан барған №18 орта мектептің «Жас байланысшылар» әскери-патриоттық клубы жүлделі 2-орыннан көрінді. Бұл жетісулық өрендер үшін үлкен жетістік. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 44 команда қатысты. Облыстық білім басқармасының басшылары дарынды балаларды «Рухани жаңғыру» орталығында салтанатпен қарсы алып, оларға жазғы лагерьлерге тегін жолдама берілетінін айтты. 

Айжан Адамбекова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Енді бұл жаңағы республикада біздің облысымыздың мәртебесін асқақтатып отыр. Негізі облыс бойынша 600-ден астам бізде әскери-патриоттық клуб бар. Ол жерде 30 мыңнан астам бала бар. Республикалық жарыстан жеңіп келген жастарға білім басқармасы тарапынан жазғы сауықтыру лагерлеріне сертификат беріп отырмыз. 

Сұлтан Серікұлы, "Айбын - 2022"  VIII республикалық жастар жиынының жеңімпазы:

- Ол жерде біз 6 күндей болдық. Біз сезімдерімізді білдіре алмаймыз. Өйткені мұндайды күтпегенбіз. Қуанышымыз шексіз. Ешқашан ұмытылмас күндердің бірі деп ойлаймын.