Нұр-Сұлтанда ерекше балаларға арналған шара өтті

Нұр-Сұлтанда ерекше балаларға арналған шара өтті

Айтулы мереке күні мүмкіндігі шектеулі балалар да назардан тыс қалмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы паралимпиадалық жаттықтыру орталығы 50-ден аса бүлдіршіннің басын қосып, әртүрлі форматтағы жарыстар өткізді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұған қоса, шараға қатысушылар арнайы орталықты аралып, оның әлеуетімен танысты. Бұнда ай сайын 4 мыңға жуық адам жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдайды. 18 спорт түрі бойынша секциялар бар. Ұйымдастырушылар болса, осындай үлгідегі шараларды жыл сайын тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.