Елімізде 187 адам вирус жұқтырды

Елімізде 187 адам вирус жұқтырды

Елде індет жұқтырып жатқандар көбейіп барады. Өткен тәулікте 187 адамнан вирус табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дені – Алматыда. Сосын Нұр-Сұлтан мен Шымкентте көп. Ал Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік-Қазақстан облыстарында індет ілмегіне ілінгендер жоқ. Республика бойынша 900 адам осы аурудан емделіп жатыр. Сегіз адамның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.