Депутаттар ерекше балаларға арналған орталыққа барды

Депутаттар ерекше балаларға арналған орталыққа барды

Елордадағы ерекше балаларға арналған орталықты жаңғырту қажет.

Бүгін Мәжіліс депутаттары аталмыш мекемеге барып, ондағы ұжыммен кездесті. 300-ге жуық балаға қызмет көрсетіп отырған орталықтағы құрал-жабдықтардың тозығы жеткен. Кабинеттер мен жатын бөлмелерде бейнебақылау камералары орнатылмаған. Мамандар да жетіспейді екен. Жұмысы ауыр, жалақысы төмен болғандықтан мұнда көп адам келгісі келмейтін көрінеді. Ахуалмен танысқан депутаттар қала әкімішілігіне жүгініп, орталықты қаржыландыру мәселесін шешуге атсалысатынын жеткізді. 

Нұрбол Зұлқарнаев, "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

- Сұрақ өте көп. Ремонт жасау керек. Медицина мамандары керек. Кухняны ауыстыру керек. Видеобақылау, водоснабжение, вентиляция, жататын төсек ауыстыру керек.

Бауыржан Сартбаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Қосымша қаржы бөлуге көмектесу керек. Өзін жақсы жағдайға келтіру үшін. Біз күзге қарай тағы да осы жерге келеміз. Басшылары санау керек қанша қаражат керек екенін соны біз әкімшілікпен сөйлесеміз. Олар өздерінің бюджеттеріне қаржы сұраған кезде міндетті түрде осы ұйымға қосымша ақша қарастыруға көмектесеміз.