Елімізде 7400 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Елімізде 7400 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бұл – жыл басынан бергі көрсеткіш, осылайша қандастарымыздың қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші шілдедегі дерек бойынша тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған азаматтар саны 7 мың 415-ке жеткен. Ал жалпы 1991 жылдан бері атамекенге 1 млн 95 мың 300 этникалық қазақ ат басын бұрған. Бұл еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастарымыздың жартысынан көбі Өзбекстаннан мәселен, осы елден келгендердің саны 70,2 процентті көрсетеді. 10,4%-і – ҚХР, 7,4% – Түрікменстаннан, 3,2%-і – Монғолиядан, қалған 8,8%-і – өзге мемлекеттерден келген.