Елде есірткі саудасын қыздыратын қылмыстық топ азаймай тұр

Елде есірткі саудасын қыздыратын қылмыстық топ азаймай тұр

Есірткі контрабандасының 14 дерегі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жарты жылдың ішінде ел аумағында ескірткі контрабандасымен байланысты 14 факт анықталған. Сондай-ақ заңсыз айналымнан екі келіден астам есірткі тәркіленіпті. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Германия, Нидерланды, Ресей, Беларусь, Польша және Литваның құзырлы органдарымен бірлесе жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде салмағы тоннадан асатын героинді тасымалдаудың халықаралық арнасы құрықталған болатын. Бұл операция әлемдегі есірткімен күрес тарихында екінші ірі героин партиясы болып қалды.