Талдықорғанда алғаш рет электро-физиологиялық зерттеу жүйесі арқылы жүрекке операция жасалды

Талдықорғанда алғаш рет электро-физиологиялық зерттеу жүйесі арқылы жүрекке операция жасалды

Облыстық кардиология орталығына қажетті қондырғыны медицина саласындағы отандық компанияның бірі тарту етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал онымен жұмыс істеуді Түркиядан келген профессорлар үйретіп жатыр. Шеберлік сабағы аясында алты адамның жүрек қағысы қалпына келтірілді. Компьютерлік құрылғы жүрек картасын көрсетіп, ырғақтың бұзылуына ықпал ететін тұсын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сала мамандары Анадолы еліне барып, біліктілігін арттырып қайтқан еді.

Нұрсан Сейітұлы, облыстық кардиология орталығының директоры:

- Жетісу облысын алсақ, 60 мыңдай адам диспансерлік есепте тұрады. Жылына жүз адамға осындай операция жасаймыз.