Киік саны реттелетін жануарлар тізіміне енгізіледі

Киік саны реттелетін жануарлар тізіміне енгізіледі

Киікті саны реттелетін жануарлар тізіміне енгізу көзделіп отыр.

Бұл туралы Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев айтты. Бірақ әуесқой аңшыларға ақбөкенді атуға рұқсат берілмейді. Популяция санын реттеумен тек "Аңшылық-зоологиялық өнеркәсіп" қызметкерлері айналысады. Зоология институтының ұсынысын ескере келіп, киік аулау амалдарын анықтау жөніндегі жұмыс тобы құрылып жатыр. Бұл бірінші кезекте бақылаусыз аңшылықтың алдын алуға бағытталған шара.

Нұрлан Қылышбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің төрағасы:

- Есепке алу дерегі бойынша киіктердің саны 801 мың басты құраған БҚО ерекше назар аударуға тұрады. Бұл жайылымдар үшін ауылшаруашылық жануарлар мен киіктердің бәсекелестігінің артуына алып келді. БҚО, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында киіктер мен ауыл шаруашылығы дақылдарын таптаудың көптеген фактілері бар.