Алматы «қызыл» аймаққа жақындап қалды

Алматы «қызыл» аймаққа жақындап қалды

Алматыға карантин қажет пе?  Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, шаһар  әлі де «сары» аймақта, десек те «қызыл» аймақтың шекарасына жақындаған. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өткен тәулікте қалада 200 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар карантин енгізуге әлі ерте деп отыр. Себебі анықталып жатқан вирус ковидтің жеңіл түрде өтетін омикрон нұсқасы. Сондықтан бақылау қажет. «Ал енді науқастар саны көбейіп жатса, онда карантиндік шараларды қолдану қажет болады», - деді Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарман.

Айта кетейік, Қазақстанның басқа облыстары мен қалалары эпидемиологиялық жағдай бойынша «жасыл» аймақта. Тек Нұр-Сұлтан бірнеше күннен бері «сары» аймақтың шекарасына жақындады.