Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан әкімдігі қаланың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесіп, жастар мен ЖОО және колледж түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кадрлар іздеп жүрген 60-тан астам жұмыс беруші мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды. Бұлар: өнеркәсіп, туризм және сауда саласындағы ірі бизнес өкілдері.

Жастар мен оқу орындарының түлектері үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, жұмыс берушілерге лайықты кандидаттарды жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу - осы мақсатта Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, білім беру және жастар саясаты басқармаларымен, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің мақсаты жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру болып табылатынын атап өтті.

«Жыл соңына дейін тағы 10 жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз. Іс - шараның негізгі мақсаты-жастарды жұмысқа орналастыру, олардың әлеуетін ашу, кәсіби дағдыларын дамыту. Бүгінде мұнда 60-тан астам жұмыс беруші-ірі бизнес өкілдері, соның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, туризм және сауда саласында жұмыс істейді. Мұндай іс-шараларға қатысу өзінің мансаптық жолын бастаған жас ұрпақ үшін маңызды, өйткені ол қызметтің ең қызықты салаларын және қызметкер ретінде өзінің «құнын» анықтауға көмектеседі. Ізденушілер өздеріне ұнайтын компанияны таңдап, еңбек нарығында бағдарлай алады», – деп қорытындылады елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.

Айта кету керек, бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, ізденушілер үшін де ақысыз негізде өткізіледі.

Жұмысқа орналастыру бойынша қолданыстағы бағдарламалар бойынша толық ақпарат https://czn.kz/ru Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының сайтында.