Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Соңғы күндері елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 454 адамнан ковид-19 анықталды. Алматы қаласында 200 адам ауру жұқтырды. Қазір өңір сары аймақта тұр. Сондай-ақ 118 елордалықтың ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Бас шаһар сары аймаққа кірудің аз-ақ алдында тұр. Ал қалған өңірлер жасыл аймақта.

Айта кетейік, қазір 3 мыңға жуық науқас ем алып жатыр. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр.